Киркукта ДАИШ-тік террористтерге қарсы операция

Операцияның алғашқы күні жасырынған ДАИШ мүшесі 20 террорист тергеуге алынды, 5 террорист өлтірілді.

865057
Киркукта ДАИШ-тік террористтерге қарсы операция

Ирактың Киркук қаласының оңтүстігінде жасырынған ДАИШ-тік террористтерге бағыттап ауқымды операция бастады.

Киркук операциялары қолбасшысы Али Умран азат етілген аймақтарда сандары өте аз болған ДАИШ содырларына қарсы операция басталғанын жариялады.

Умран террористердің құтқарылған аймақтарға қайтадан қауіп төндіруіне рұқсат бермейтіндерін мәлімдеді.

Киркуктың оңтүстігіндегі Хавидже ауданы және айналасындағы аудан мен ауылдарда ДАИШ-тік содырларды іздестіруде.

Операцияның алғашқы күні жасырынған ДАИШ мүшесі 20 террорист тергеуге алынды, 5 террорист өлтірілді.

Ирак үкіметі Ирактың толығымен бақылауға алынғанын және ДАИШ террор ұйымына қарсы үлкен бір жеңіске қол жеткізілгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар