Араб лигасы кезектен тыс бас қосады

Жиналыста АҚШ-тың елшілікті көшіру мәселесі талқыланады.

860674
Араб лигасы кезектен тыс бас қосады

Араб лигасы АҚШ-тың Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшіру жоспарын талқылау мақсатымен ертең кезектен тыс жиналады.

Араб лигасы бас хатшысының орынбасары Хусам Зеки жиналыстың Палестинаның талабына орай өткізілетінін білдірді.

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас та көптеген ел лидері және халықаралық ұйымға хат жіберіп, осы бастамаға кедергі болуға шақырды.

АҚШ медиасының хабарларына қарағанда,  президент Трамп 6 айлық кешіктіру мерзімі аяқталатын, 1995 жылы шығарылған АҚШ елшілігін Иерусалимге көшіру жөніндегі заңды күттірмей,  Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде мойындап, елшілікті сол қалаға көшіруге шешім беретіні алға тартылған еді.



Ұқсас жаңалықтар