Дания парламенті орыс табиғи газына тосқауыл болды

Дания парламенті Германияға орыс табиғи газын жеткізетін «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісініе қарсы заң жобасы қабылдады.

858547
Дания парламенті орыс табиғи газына тосқауыл болды

Дания парламенті Германияға орыс табиғи газын жеткізетін «Солтүстік Ағым-2» құбыр желісінің елінен өтуіне тосқауыл болатын заң жобасын қабылдады.

Парламент бекіткен заң Дания Сыртқы істер министрлігінің ұлттық қауіпсіздік аясында құбыр желісінің ел жерінен өтуінің сәйкестігін қайта қарап шығуға мүмкіндік береді.

Дания үкіметі құбыр желісінің елден өтуіне тосқауыл болу үшін энергия жобаларының сыртқы саясат және қауіпсіздік себептерімен тыйым салуға рұқсат ететін бір заңдық өзгеріс ұсынысы дайындаған болатын.

Дания мен Швеция үстіміздегі жылдың ішінде табиғи газ құбыр желісінің елдерінен өтуіне рұқсат беру шешімі қабылданбай тұрғанда, Еурокомиссияның жобаны тоқтатуын талдап еткен еді.



Ұқсас жаңалықтар