Джонсон Түркия жөнінде мәлімдеме жасады

Борис Джонсон Түркия геостратегия тұрғысынан өте маңызды бір ел екенін айтты.

839067
Джонсон Түркия жөнінде мәлімдеме жасады

Борис Джонсон Түркия геостратегия тұрғысынан өте маңызды бір ел екенін айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Түркия геостратегия тұрғысынан өте маңызды бір ел екенін айтты.

Джонсон Ұлыбритания парламенті сыртқы істер комиссиясының жиналысында сыртқы саясатқа байланысты сұрақтарға жауап берді.

Сауд Арабиясы мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманның мемлекетін байсалды Исламға айналдыру жөніндегі мәлімдемелері жөнінде сұралуына орай Джонсон осы жаңалықтардың барша әлемге пайда әкелетінін білдіріп, «Реформа  жолында Сауд Арабиясын ынталандырғымыз келеді» деген сөздер қолданды.

Мьянмадағы қырғынға да назар аударған Джонсон 600 мың адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын және осы адамдардың көбінің қиыншылық шеккенін түсіндірді.

Ұлыбританияның Түркиямен қарым-қатынастарына байланысты бір сұраққа Джонсон былай деді: «Түркияны қақпайлау дұрыс емес. Ұлыбританиямен ортақтық, достық құрғысы келген миллиондаған түрік бар. Түркия геостратегия тұрғысынан өте маңызды бір ел» деді. 



Ұқсас жаңалықтар