Раккада кем дегенде мың 873 жазықсыз адам өлтірілді

«Ракка үнсіз қырылуда» атты активисті желі мәлімдеме жасады.

829448
Раккада кем дегенде мың 873 жазықсыз адам өлтірілді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD мен АҚШ қолдау берген Сириядағы Ракка операциясында кем дегенде мың 873 жазықсыз адам өлтіріліп, 450 мыңнан астам адам елді мекендерін тастап кетті.

«Ракка үнсіз қырылуда» атты активисті желінің әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде PKK/PYD террор ұйымының 6 маусым күні бастаған АҚШ қолдауындағы Ракка операциясында 3 мың 829 әуе шабуылы жасалғаны білдірілді.

Кем дегенде мың 873 адамның қаза тапқаны білдірілген мәлімдемеде 450 мыңнан астам жазықсыз адамның елді мекендерінен кетуге мәжбүр қалғаны атап көрсетілді.

Раккада 90-нан астам жанкешті шабуыл жасалғанына назар аударған мәлімдемеде 8 аурухана, 29 мешіт, 40 мектеп, 5 университет ғимараты және 4 көпірдің қирағаны, қаланың 90 пайызының жермен жексен болғаны білдірілген.

Террор ұйымы PKK/PYD, кеше Сирияда террор ұйымы ДАИШ-тің қорғаны ретінде белгілі Ракканы толығымен АҚШ қолдауында қолға түсірген болатын.

Сирияның солтүстігіндегі Ракка 2014 жылы қаңтар айынан бері ДАИШ-тің бақылауында болатын.



Ұқсас жаңалықтар