Қытайдағы сел апатында 5 адам қаза тапты

Қытайдың орталық өңірінде тоқтаусыз жауын-шашын салдарынан 5 адам дүниеге көз жұмды.

826227
Қытайдағы сел апатында 5 адам қаза тапты

Қытайдың орталық өңірінде тоқтаусыз жауын-шашын салдарынан 5 адам дүниеге көз жұмды.

Шинхуа агенттігінің хабарына қарағанда мемлекеттің Хубей провинциясында тоқтаусыз жаңбыр кесірінен болған сел апатында 5 адам мерт болды.

Аймақта сел кесірінен 26 мың 700 адам қауіпсіз жерге апарылды. 8 мың 500 үй құлады, , 253 мың гектар егіншілік алаң зақым көрді.

Селдің шығынының 608 миллион долларға жеткені және жергілікті әкімшіліктердің аймаққа құтқару және медициналық топтар жібергені білдірілді.

Мемлекетте өткен ай Шианши провинциясындағы сел апаты салдарынан 5 адам қаза тауып,  27 мың адам басқа жерге апарылған еді. 



Ұқсас жаңалықтар