Солтүстік Кореяны барша әлем айыптауда

Үлкен 7 тобы ел лидерлері Солтүстік Кореяның сутегі бомба сынағын қатал түрде айыптады.

801004
Солтүстік Кореяны барша әлем айыптауда

Үлкен 7 тобы ел лидерлері Солтүстік Кореяның сутегі бомба сынағын қатал түрде айыптады.

Еуропа Одағы Комиссиясы тарапынан жарияланған Үлкен 7 тобы ел лидерлерінің ортақ мәлімдемесінде «Біз Үлкен 7 ел лидерлері Солтүстік Кореяның сутегі бомба сынағын қатал түрде айыптаудамыз. Пхеньян әкімшілігінің жауапкерсіз әрекетінен ықпал көрген елдермен селбесе отырып жұмыс істейтінімізді білдіреміз» деген сөздер орын алды.

Осы мәселеге байланысты кеше БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізді. Жапония мен Оңтүстік Корея кешегі жиында Пхеньянға қатысты қатаң шаралар қолдануды ұсынды. АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис болса «Құрама Штаттарға немесе біздің одақтастарға төнген кез келген қауіпке қатаң жауап беріледі. Халықаралық қауымдастық Солтүстік Корея тарапынан үлкен қауіп төніп тұрғанын бірауыздан қуаттап отыр. Біз бұл елді жойып жіберуді мақсат етіп отырған жоқпыз» деді.

 


Этикеттер: #Еуропа Одағы , #БҰҰ , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар