Азия құрлығында су тасқындары 245 жан алды

Азия құрлығындағы су тасқындарында қаза тапқандар саны 245-ке ұласты.

791009
Азия құрлығында су тасқындары 245 жан алды

Бангладеш, Үндістан және Непалдағы сел апаты мен су тасқындары себепті жалпы 245 адам қаза тауып, он мыңдаған адам баспанасыз қалды.

Аймақта 3 күннен бері үздіксіз жалғасқан нөсер жауын сел мен су тасқындарына айналды. Непалда 110, Үндістанда 108 және Бангладеште 27 адам қаза тапты.

Лауазымдылар Үндістанның Ассам қаласында құрылған төтенше жағдайлар орталығында 200 мың адамның уақытша баспаналарға орналастырылғанын атап, Бихар аймағындағы лагерде 15 мың адамның өмір сүргенін білдірді.

Үндістан мен Непал шекарасындағы 7 өзеннің су көлемінің болса қауіпті деңгейге ұласқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар