Апатта қаза тапқандар саны артты

Топырақ астынан қазірге дейін 312 адамның денесі шығарылды.

789923
Апатта қаза тапқандар саны артты

Батыс Африка елдерінің бірі Сьерра-Леоненің бас қаласы Фритаунда нөсер салдарынан су тасқыны мен топырақ көшкіні болып,  қаза тапқандардың саны 312 болды.

Сьерра-Леоне Қызыл крест ұйымының деректеріне қарағанда топырақ көшкінінде топырақ астынан қазірге дейін 312 адамның мәйіті шығарылды.

Ел президентінің орынбасары Виктор Бокар Фох топырақ астында әлі жүздеген адам бар деп уайымдап отырғандарын білдірді.

Осы аймақта көптеген үй балшыққа көміліп қалды.

Connaught ауруханасында жұмыс істейтін Криминалдық медицина өкілі Синнех Камара апатта қаза тапқандардың мүрделерінің аурухана моргына сыймай жатқанын айтты.

Сонымен қатар Оңтүстік Азия елі Непалде су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде қаза тапқандар саны 70 болды. Лауазым иелері әлі 50 адамның жоғалып кеткенін, 20-дан астам адамның жаралы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар