Сирияда режим күштері "қақтығыссыз аймаққа" шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимі «қақтығыссыз аймақ» алаңындағы Шығыс Гута аймағына шабуылдады.

787400
Сирияда режим күштері "қақтығыссыз аймаққа" шабуылдады

Сирияда Башар Асад режимінің Дамасктағы «қақтығыссыз аймақ» алаңында орын алған Шығыс Гута аймағында бейбіт тұрғын алаңдарына құрлықтан жасаған шабуылда араларында балалар да бар 5 адамның қаза тапқаны білдірілді.

Дамаск ауылдық аймағындағы Азаматтық қорғаныс ұйымы мәлімдемешісі Сирач Мұхаммед жасаған мәлімдемеде «Асад режимі Кафр Батна ауданына құрлықтан зымыранмен 8 рет шабуылдады» деді.

Тұрғын аймақтарын нысанаға алған бомбалауда 5 жазықсыз адамның қаза тапқанын, оннан астам азаматтың жараланғанын білдірген Мұхаммед шабуылда ғимараттарға материалды зиян келгенін жеткізді.

Шығыс Гута Түркия, Ресей және Иранның 3-4 мамырдағы Қазақстанның бас қаласы Астанадағы жиналыста белгіленген қақтығыссыз 4 аймақ арасында орын алады.



Ұқсас жаңалықтар