Швецияда босқын балаларға шабуыл

Стокгольмде Босқындар офисін протест еткен ауған текті бала босқындар нәсілшіл шабуылға ұшырады.

786648
Швецияда босқын балаларға шабуыл

Швецияның бас қаласы Стокгольмде Босқындар офисін протест еткен ауған текті бала босқындар нәсілшіл шабуылға ұшырады.

Стокгольм полиция басқармасы баспасөз мәлімдемешісі Аса Валлентин босқын балалардың үстіне жанатын материал тасталғанын және 3 баланың жеңіл жарақат алғанын білдірді.

Швецияның алдынғы қатарлы газеті «Expressen»-ге мәлімдеме жасаған ауған ереуілшілерден Ахмад Рахими Босқындар офисінің Ауғанстаннан барған жанұясыз балаларды мигрант ретінде қабылдамағаны себепті 100-дей адаммен протест еткендерін түсіндірді.

Наразылық шеруі кезінде 20-30 адамнан тұратын нәсілшіл бір топтың шабуылына ұшырағандарын атап көрсеткен Рахими «Бірден бізге қарай бағыт алған бір топ ‘Ахмет, Мұхаммед шығып кетіңдер, босқындар құрыңдар’ деген ұран тастап, бізге тұман бомбасы тастады. Жарақат алған достарымыз бар» деді.

Қауіпсіздік күштері оқиғамен байланысты тергеу басталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар