20 миллион бала мектепке бара алмайды

Мектепке бара алмаған балалардың жартысы – Нигерияда

778795
20 миллион бала мектепке бара алмайды

Осы елдің Кано штатында өткен 62-ші Ұлттық Білім беру кеңесінде сөз сөйлеген Білім беру министрлігінің бас хатшысы Адаму Хүсейни: «Әлем бойынша шамамен 20 миллион бала мектепке бара алмайды.  Осы балалардың 10,5 миллионы, яғни жартысы Нигерияда» деді.

Хүсейни елде мектепте білім ала алмаған балалардың көбіне көшпенді Фулани тайпасынан, сиыр бағатын,  балықшылықпен айналысатын немесе диқан отбасылардың балалары екенін білдірді.

«Соңғы жылдары үкімет пен арнайы ұйымдар балалардың білім алуы үшін жұмыстануда.  Алайда жеткіліксіз» деді ол.

Шамамен 200 миллион адам өмір сүретін Нигерияда кедейлік пен Боко Харам террор ұйымының шабуылдары білім алуға теріс әсер етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар