Шри-Ланкадағы алапат су тасқынында ажал құшқандар саны 212-ге ұласты

UNICEF Шри-Ланка өкілі Тим Суттон тақырып жайлы Женевада баспасөз жиналысында мәлімдеді.

746762
Шри-Ланкадағы алапат су тасқынында ажал құшқандар саны 212-ге ұласты

Шри-Ланкада алапат су тасқыны және лай көшкіні салдарынан опат болғандар саны 212-ге ұласты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем қоры (UNICEF) Шри-Ланка өкілі Тим Суттон Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Женева кеңсесінде ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Шри-Ланкада муссон жаңбыры салдарынан пайда болған су тасқыны мен лай көшкінінің соңғы жылдардың ең үлкен апаттардың біріне айналғанын атап көрсетті.

Суттон өткен айдың соңында елдің батысында және оңтүстігінде нөсерлетіп жауған жауын себеп болған су тасқыны мен лай көшкінінде 212 адамның қаза тапқаны және 79 адамның жоғалғанын білдірді.

Үйлерінен айырылған 22 мың бейбіт адамның құрылған лагерлерде өте нашар шарттарда өмір сүруге тырысқанын атап айтқан Суттон «UNICEF» ретінде елдегі балаларға қолдау беруді жалғастыратындарын атап көрсетті.

Елдің ең үлкен апаты ретінде белгілі 2003 жылғы су тасқыны мен лай көшкінінде 250 адам ажал құшты, 10 мың үйге зақым келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар