Америка қорғаныс бюджетінен террр ұйымы PKK-ға үлкен үлес

2018 қорғаныс бюджетінде Сириядағы «жаттықтыр-жабдықта» бағдарламасына 500 миллион доллар бөлінді.

744354
Америка қорғаныс бюджетінен террр ұйымы PKK-ға үлкен үлес

Америка қорғаныс бюджетінен бөлшектеуші террр ұйымы PKK-ға үлкен үлес...

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың 2018 қорғаныс бюджетінде Сириядағы «жаттықтыр-жабдықта» бағдарламасына 500 миллион доллар бөлінді.

АҚШ Қорғаныс министрлігінен алынған бір құжатқа қарағанда,  Трамп билігі Ирак пен Сириядағы «жаттықтыр-жабдықта» бағдарламалары үшін 2018 қаржы жылындағы қорғаныс бюджетіндегі 64 миллиард долларлық сыртқы операциялар фондынан 1 миллион 769 миллион доллар бөлді. Осы ақшаның 1 миллиард 269 миллион долларының Ирактағы бағдарламаға,  қалған 500 миллион долларлық бөлімінің болса Сириядағы дайындық бағдарламасына бөлінгені анықталды.

Құжатта Сирияда ДАИШ-пен күресу үшін 25 мың қарулы адамның дайындықтан өткені,  5 мың адамның да дайындықтан өтіп жатқаны айтылды. Бөлінген 500 миллион долларлық бюджеттің 393 миллион долларының қару-жараққа бөлінетіні атап көрсетілді.

Сириядағы «жаттықтыр-жабдықта» бағдарламасы аясында көмек берілген топтарға берілетін қарулар арасында ауыр қарулар бар.

Құжатта қарулар берілетін топтар үшін «тексеруден өткен Сирия оппозициясы» деп айтылса да,  осы қарулардың көбінің бөлшектеуші күрд террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG басқарып отырған Сирия Демократиялық күштеріне кететіні білдірілді.

Сонымен бірге АҚШ қолдау беріп отырған ДАИШ-ке қарсы араб топтарға да осы қарулардан берілетіні айтылды.

Пентагонның құжатында аталмыш қарулар берілмеген жағдайда, «АҚШ-тың ДАИШ-пен күресінің кедергіге ұшырайтыны» айтылды.

Осы бюджеттің қазан айында бекітілуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар