Бағдатта лаңкестік

Ирактың бас қаласы Бағдат рамазан айында да қанға боянды.

741902
Бағдатта лаңкестік

Ирактың бас қаласы Бағдат рамазан айында да қанға боянды.

Қаладағы бомбалы шабуылда 15 адам қаза тапты.

Қауіпсіздік күштерінің хабарына қарағанда,  Бағдаттың орталығы Каррада аймағында жол шетіне орналастырылған бомба тиелген көлік жарылып,  50 адам жарақат алды.

Қауіпсіздік шеңберіне алынған аймаққа жедел жәрдем көліктері келіп,  жаралы және қаза тапқандарды ауруханаларға жеткізді.

Қаза тапқан адам саны артуы мүмкін.

Осы шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы өз мойнына алды.

Террор ұйымы ДАИШ өткен жылы да рамазан айында осындай шабуылдар жасап,  жүздеген адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар