Солтүстік Кореяда тағы бір АҚШ азаматы тұтқындалды

Солтүстік Корея қазірге дейін 3 АҚШ азаматын тұтқындады.

724926
Солтүстік Кореяда тағы бір АҚШ азаматы тұтқындалды

Солтүстік Корея текті АҚШ азаматы Ким Санг Доктың 22 сәуір күні Пхеньян Халықаралық әуежайында тұтқындалғаны білдірілді.

Пхеньян Ғылым және технология университетінде профессор ретінде сабақ беруге шақырылған 50 жасар АҚШ азаматы Кимнің «елде шатақ шығаруға бағытталған дұшпандық әрекеті» айыбымен тұтқындалғаны атап көрсетілді.

Ким Солтүстік Кореяда тұтқындалған үшінші АҚШ азаматы екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар