Нәсілшіл офицердің опасыз жоспары

Германияда шабуылға дайындалған кезде қолға түскен нәсілшіл офицер қастандық жасайтын адамдардың тізімі табылды.

725771
Нәсілшіл офицердің опасыз жоспары

Германияда шабуылға дайындалған кезде ұсталған нәсілшіл бір офицермен байланысты жанжалда жаңа мағлұматтарға қол жеткізілді.

Өткен апта тұтқындалған Франко А. атты аға лейтенант бағынған Франциядағы НАТО әскери жасағында жүргізілген тінту жұмыстары барысында крест оюларымен әшекейленген бір өлім тізімі қолға түсті.

Тізімде Германиядағы бір түрік мотоцикл тобының мүшелері мен мұсылмандар, еврейлер және неміс саясат қайраткерлерінің аттары орын алады.

Араларында бұрынғы Германия президенті Йоахим Гаук, Әділет министрі Хаайко Маас, президенттің орынбасары Клаудия Рут тізімде аттары орын алғандардың кейбіреулері. Тізімдегі аттарының қасына қастандықтар жоспарланған күндер белгіленген.

Өлім тізімінің 2015 жылдан бері дайындалғаны анықталды.

Неміс армиясындағы нәсілшіл құрылымға қатысты жанжалдың басқа бір тұсы да бар.

Франко А.-ның 2014 жылы әскери университетте бір диссертация жазғаны, бұл диссертацияның көп жерінде нәсілшіл көзқарастар ортаға қойғаны анықталды. Қолбасшысына шағымданғанына қарамастан оған тек ескерту жазасы берілген.

Биліктегі Социал-демократтар Қорғаныс министрі Вон дер-Лейеннің отставкаға кетуін талап етті.

28 жасар Франко А.-ның өзін сириялық босқын сияқты көрсетіп, шабуыл жоспарлағаны ортаға шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар