Газа үкіметі "ашаршылық" туралы ескeрту жасады

Израиль Газа секторында шекара қақпаларын жауып, гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойды.

2144463
Газа үкіметі "ашаршылық" туралы ескeрту жасады

Газадағы үкімет Израильдің шекара қақпаларын жауып, гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қоюы нәтижесінде Газа қаласы мен Газа секторының солтүстігінде «ашаршылықтың қайтадан басталатынын» ескертті.

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі жасаған мәлімдемеде Израиль армиясының «Рафах шекара қақпасын басып алуды жалғастыруы, осы жерді жәрдем көліктерінің кіруіне жабуы және Керм Әбу-Салим шекара қақпасы арқылы көмек көліктерінің кіруіне тосқауыл қоюды жалғастыруы» себепті Газа секторындағы гуманитарлық апаттың тереңдегенін атап көрсетті.

Мәлімдемеде Израильдің Газа секторын толығымен қоршауға алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Ашаршылық Газа қаласы мен Газа секторының солтүстігіне қауіп төндіріп тұр» делінді.

Израиль армиясынан Рефах шекара қақпасынан шығуы талап етілген мәлімдемеде шекара қақпаларының Газа секторына көмек жеткізу, азық-түлік қауіпсіздігі дағдарысын жою және Газа секторының барлық аймақтарына қауіп төндірген ашаршылықтың алдын алу үшін ең қолайлы және тиімді әдіс екеніне назар аударылды.

Мәлімдемеде халықаралық қоғама «гуманитарлық жәрдемдерді Рефах және Керм Әбу-Салим шекара қақпалары арқылы көмек әкелуге, Бейт Ханун, Аш-Шуджаийе және Әл-Минтар шекара қақпаларын қайта іске қосу үшін Израильге қысым жасауға» шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар