Литва президенті қайта сайланды

83,75 пайыз дауыс алған Гитанас Науседа президент болып қайта сайланды.

2144487
Литва президенті қайта сайланды

Литвада өткен президенттік сайлаудың екінші турында бейресми нәтижелер бойынша 83,75 пайыз дауыс жинаған Гитанас Науседа президент болып қайта сайланды.

Литвада 12 мамырда өткен президент сайлауында бірде-бір кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинай алмағандықтан, дауыс берудің екінші кезеңі кеше өткізілді.

Дауыстардың 50 пайыздан астамы ашылып, бейресми нәтижелер бойынша 83,75 пайыз дауыс алған Гитанас Науседа президент болып қайта сайланды.

Науседаның қарсыласы премьер-министр Ингрида Симоните 14,83 пайыз дауыс жинады.

Жеңілгенін мойындаған Симоните Литваны 5 жыл екінші рет басқаратын Науседаны құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар