Әл-Баб ауданында 22 режим әскері өлтірілді

Сирияда Еркін Сирия армиясы мен Асад режимі күштері қақтығысты.

680557
Әл-Баб ауданында 22 режим әскері өлтірілді

Сирияның Әл-Баб ауданының оңтүстігінде Еркін Сирия армиясы (ÖSO) мен Асад режимі арасында шыққан қақтығыста 22 режим әскері өлтірілді.

Евфрат қалқаны операциясы аясында Еркін Сирия армиясы жасақтарының ортақ өкілі «Хауар Килис операция бөлімшесі» әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде қақтығыстың Әл-Баб ауданына қарасты Тадиф ауданы айналасында шыққаны атап көрсетілді.

Әл-Бабтың Түрік қарулы күштері қолдау берген Еркін Сирия армиясының бақылауына өтуінің артынан аудандағы террор ұйымы ДАИШ содырлары оңтүстіктегі Тадиф ауданына шегінген болатын.

Террор ұйымы ауданды ешқандай қақтығыспай Асад күштеріне қалдырған еді.

Еркін Сирия армиясы мен режим күштері арасында алдында Әл-Бабтың оңтүстік батысындағы Әбу Зейдин ауылында қақтығыстар шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар