АҚШ Иранға қатал ескерту жасады

АҚШ баллистикалық зымыран сынағын жасағаны себепті Тегеранға қатал ескерту жасады.

663706
АҚШ Иранға қатал ескерту жасады

Америка Құрама Штаттары баллистикалық зымыран сынағын жасағаны себепті Тегеранға қатал ескерту жасады.

Ақүйде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Иранға нота берілгенін жариялады.

Ақүй мәлімдемешісі Шон Спайсер Иранның зымыран сынағын жасағанын дұрыстады.

Баспасөз мәслихатына қатысқан АҚШ Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы генерал Майкл Флинн Иран жасаған зымыран сынағының егжей-тегжейлі жағдайына қанық екенін айтты.

Дональд Трамптың жаңа талпынысын Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілі Никки Хейли де Иранның орта қашықтыққа ататын баллистикалық зымыран сынағының әсте қабылдауға болмайтынын білдіріп, Иранға қатал ескерту жасады.

Вашингтонның Тегеранның зымыран технология жұмыстарын тоқтатқысы келгенін түсіндірген Хейли ешбір елдің Иранға зымыран технология жәрдемін бермеу керектігін баяндады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылғы шешімінде Иранның 8 жыл бойынша атомдық қару тасымалдай алатын баллистикалық зымыран жұмысын жасауға тыйым салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар