АҚШ-та Трамп кезеңі басталды

АҚШ президенті Азия-Тынық мұхит аймақтары келісімінен шығу жөніндегі шешімге қол қойды.

657765
АҚШ-та Трамп кезеңі басталды

Барлық наразылықтарға қарамастан АҚШ президенті Дональд Трамп уәделерін орындай бастады.

Трамп Ақ Үй әкімшілігіндегі алғашқы жұмыс күнінде көптеген шешімге қол қойды.

Барак Обаманың ең үлкен бастамасы ретінде белгілі «ObamaCare» денсаулық жүйесін жиі сынға алған Трамп сайлаушыларына берген уәдесін орындауда.

Трамп денсаулық сақтау жүйесінің күшін жою үшін Сенатқа жіберді. Республикашылар саны көпшілікте болған Сенатта жаңа денсаулық жүйесі жайлы жұмыстар басталды.

Дональд Трамптың тағы бір бастамасы болса әлем экономикасымен тікелей байланысты.

Трамп сайлау науқаны кезінде уәде еткен АҚШ-тың құрамында Азия-Тынық мұхит аймағында орын алған 12 мемлекетпен жасалған (әлем сауда көлемінің 40 пайызын қамтитын үлкендікте) Транс-Тынық мұхит аймағы келісімінен шығу жөніндегі шешімге қол қойды.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ АҚШ-сыз Транс-Тынық мұхит ортақтығының ешбір мағынасы жоқ екенін атап көрсетті.

Президент Дональд Трамп Мексика және Канадамен күшіндегі Солтүстік Америка Еркін Сауда келісімінің қайта қаралатынын жариялады. Елдің ең маңызды екі сауда ортағы Мексика мен Канада болып табылады.

Президент Дональд Трамп алдағы бірнеше күннің ішінде Мексика мемлекет басшысы Энрике Пенья Ньето және Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен әңгімелеседі.

Трамп елде өнеркәсіп өндірісін қайта қалыптастыру үшін сауда жасалған мемлекеттермен әділ келісімдер жасайтындарын атап көрсетті.

Экономика саясаттарына салмақ салған Дональд Трамп алғашқы жұмыс күнінде іскерлерді қабылдады.

Жаңа инвестициялар салатындарға салық жеңілдігі мен арзан несие мүмкіншілігі қамтамасыз ететін президент Трамп қабылдауда іскерлерден көптеген инвестиция үшін уәде алды.

Босқындар тақырыбы да Дональд Трамптың нысанасында.

Президент Трамп Еңбек министрі Андреу Пуздерден елге заңсыз түрде келгендер мен виза шартын бұзғандардың зерттелуін талап етті.

Сондай-ақ Дональд Трамп Қорғаныс министрі Джаймс Маттистен кибер шабуылдарға қарсы жаңа шаралар қабылдауын талап етті.

Трампқа қарсы міндетке келгеннен кейінгі тұңғыш сотта ашылды. Трамптың қонақ үйлері мен фирмалары конституциялық бір дағдарысқа себеп болуы мүмкін.

Өйткені Дональд Трамптың қонақүйлерінде қонған шетелдік қонақтар Трамптың фирмаларына ақша төлейді.



Ұқсас жаңалықтар