АҚШ-тың Сирияға жаңа әскери база құрғаны алға тартылды

Тель-Бедр базасына АҚШ әскерлерінің қоныстандырылатыны атап көрсетілді.

657191
АҚШ-тың Сирияға жаңа әскери база құрғаны алға тартылды

Америка Құрама Штаттарының Сирияның солтүстігінде жаңа бір әскери база құрғаны алға тартылды.

Ирак Күрд Аймақтық әкімшілігі төрағасы Месут Барзаниге жақындығымен танымал Эрбильдегі «BasNews» интернет парақшасы бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG террор ұйымы басшылық жасаған Сирия демократиялық күштерінің артынан жоғары жабдықталған көптеген АҚШ арнайы жасағаның Хасекенің солтүстік батысындағы Тель-Бедр базасына ұласқанын жариялады.

Мәлімдемеде Сирия демократиялық күштерінің Тель-Бедр базасын толығымен кететінін және АҚШ әскерлерінің қоныстандырылатынын атап көрсетті.

Тель-Бедр базасына қоныстанған АҚШ әскерлерінің санының 800 екені білдіріліп, бұл қадамның мақсатының террор ұйымы ДАИШ ілгерілеген Дейр-уз-Зордағы операцияға қолдау беру екені атап көрсетілді.

Американ арнайы жасақтарының сондай-ақ Раккаға операция жасаған Сирия демократиялық күштеріне қолдау беретіні де білдірілді.

АҚШ Тель-Бедрден алға Сирияның солтүстігінде Кобани (Айн әл-Араб), Айн-Иса және Хасеке ауылдық аймағында да әскери базалар құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар