Иран АҚШ-тың Астана жиналысында орын алуына қарсы

Жевад Зариф Вашингтон әкімшілігінің үстелде болуына қарсы болғанын жариялады.

653769
Иран АҚШ-тың Астана жиналысында орын алуына қарсы

Иран Қазақстанның елордасы Астанада 23 қаңтар күні өткізілетін Сирия тақырыбындағы жиналыста Америка Құрама Штаттарының орын алуын қаламауда.

Тегеран әкімшілігі Ресейдің АҚШ-қа жасаған Астана шақыруына қарсы екенін хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрі Жевад Зариф Вашингтон әкімшілігінің үстелде болуына қарсы болғанын жариялады.

Зариф «Біз оларды шақырмадық және ол жерде болуына да қарсымыз» деді.

Сирия бейбітшілік кездесулері Қазақстанның елордасы Астанада 23 қаңтар күні басталады.

Кездесуде Асад күштері мен оппозициялар арасында ымыраға баруды мақсат етуде.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше жасаған мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарын да Астанаға шақырған және Трамп әкімшілігімен алғашқы кездесудің бұл жерде өткізілетінін білдірген болатын.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да АҚШ-тың Астана кездесулеріне қатысу жөнінде Ресеймен бірдей көзқараста екенін айтқан еді.


Этикеттер: #Иран , #АҚШ , #Астана

Ұқсас жаңалықтар