АҚШ-тық әскери мәлімдемеші Әл-Баб операциясына қолдау бергендерін мәлімдеді

Полковник Джон Дориан Бағдатта ДАИШ-ке бағытталған операциялармен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

653728
АҚШ-тық әскери мәлімдемеші Әл-Баб операциясына қолдау бергендерін мәлімдеді

АҚШ басшылығындағы ДАИШ-ке қарсы коалицияның мәлімдемешісі полковник Джон Дориан коалицияның Сирияда Әл-Баб маңында Түркияға қолдау үшін барлау ұшулары мен әуе операцияларын бастағанын білдірді.

Полковник Джон Дориан Ирактың бас қаласы Бағдаттан телеконференция арқылы АҚШ Қорғаныс министрлігінде Ирак пен Сирияда террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған операциялармен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Коалицияның Сирияда Түркиямен күнделікті координация және келіссөздерді жалғастырғанын атап көрсеткен Дориан «Соңғы кездері Түркияға және Әл-Баб маңында қолдау берген күштерге көптеген барлау қызметін жүзеге асырдық. Әл-Баб маңындағы нысаналарға әуе операциялары жасаудамыз. Бұл операциялар нәтижесінде дұшпан күштерінің майданның алдынғы қатарындағы құрылымдарын жойдық» деді.

Полковник Дориан коалицияның ДАИШ-ке қарсы Түркиямен мүмкіндігінше көп майданда бірге жұмыстануға түрік және американ әскери лауазымдыларының ортақ орталықтардан координацияны қамтамасыз етуді жалғастыратындарын жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар