АҚШ-та 49 адамды өлтірген Омар Матееннің жұбайы тергеуге алынды

2016 жылы 12 маусым күнгі қырғында 53 адам жарақат алған болатын.

652970
АҚШ-та 49 адамды өлтірген Омар Матееннің жұбайы тергеуге алынды

Америка Құрама Штаттарында 12 маусым күні жасалған және 49 адам қаза тапқан Орландо шабуылының күдіктісі Омар Матееннің жұбайы Ноор Салман тергеуге алынды.

Прокуратураның мәлімдемесінде Салманның террорға қаржы жәрдемі беру, көмектесу және әділетті жаңылыстыру сияқты қылмыстардан тергеуге алынғаны атап көрсетілді.

49 адам қаза тапқан және 53 адам жарақат алған 2016 жылы 12 маусым күнгі қырғын жеке адам жасаған ең қанды шабуылдардың бірі ретінде АҚШ тарихына қолтаңба қалдырды.

29 жасар күдікті Омар Матеен Орландодағы қырғынның жауапкері ретінде полиция тарапынан өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар