Кубаның аты аңызға айналған басшысы Фидель Кастро дүниеге көз жұмды

Куба революциясының көшбасшысы Кастро 90 жаста дүниеден өтті.

619109
Кубаның аты аңызға айналған басшысы Фидель Кастро дүниеге көз жұмды

Кастроның өлімін Куба телеарнасы жариялады.

Халықаралық хабар агенттіктері болса өлім хабарын шұғыл жаңалық ретінде білдірді.

Куба революциясының көшбасшысы 2006 жылы 31 шілде күні денсаулық жағдайына байланысты Мемлекеттік кеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы қызметін інісі Рауль Кастроға тапсырған болатын.

2008 жылы 19 ақпан күні болса 1979 жылдан бері басқарып келген Кубаның ең жоғарғы басқару органы Мемлекеттік кеңес басшылығынан бастартқан еді.

Кастро күн тәртібіндегі жаңалықтарды пайымдайтын мақалалар жариялап отыратын.

Фидель Кастро соңғы рет 13 тамыз күні 90-шы туған күнінде халық алдына шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар