Трамп АҚШ әкімшілігінің жаңа кабинетін құру жұмыстарын жалғастыруда

Дональд Трамп Қорғаныс министрлігі үшін генерал Джеймс Маттисті ойлағандарын мәлімдеді.

614498
Трамп АҚШ әкімшілігінің жаңа кабинетін құру жұмыстарын жалғастыруда

Дональд Трамп 20 қаңтар күні қабылдап алатын АҚШ әкімшілігінің жаңа кабинетін құру жұмыстарын жалғастыруда.

Трамп Қорғаныс министрлігі үшін генерал Джеймс Маттисті бағалағандарын мәлімдеді.

Нью-Джерсиде кабинет үміткерлерімен кездесулерін жалғастырған Трамп Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде отставкадағы генерал Джеймс Маттиті Қорғаныс министрі ретінде ойлағандарын жазды.

Маттиспен бас қосқанын жазған Трамп оны нағыз генерал ретінде бағалағанын білдірді.

Джеймс Маттис 44 жылдық қызмет мерзімінде АҚШ-тың Ауғанстан және Ирак басқыншылықтарында маңызды міндеттер атқарған болатын.

Ирактың Ал-Фаллуджа қаласында 2004 жылғы қақтығысты басқарған Маттис CNN-нің хабарына қарағанда 2005 жылы Сан-Диегода үн қатқан әскерлерге «Кейбір адамдарға оқ ату көңіл көтереді» деген сөздері наразылық туғызған болатын.



Ұқсас жаңалықтар