Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Жиналыста Түркиямен арадағы қарым-қатынастар күн тәртіпке келді.

610676
Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысы өтті

Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері және Қорғаныс министрлері Еуропаның қауіпсіздік стратегиясын қолға алу үшін Бельгияның астанасы Брюссельде жиналды.

Еуроодаққа мүше елдер жиналыс аяғында қорғаныс ынтымақтастығының арттырылуы тақырыбында келісімге барды.

Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Федерико Могерини жаңа қорғаныс жоспарын ұсынды.

Қорғаныс жоспарының Еуроодақтың шетелдік қақтығыстарға тіпті тез тойтарыс бере алатынын айтқан Могерини НАТО-ға зиян тигізетіні жөніндегі пайымдауларды теріске шығарды.

Еуроодақтың ең күшті армиясына ие болған Ұлыбритания болса жоспарға қарсы шықты. Бірақ Франция мен Германия қорғаныс ынтымақтастығының арттыруын жақтауда.

Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркиямен арадағы қарым-қатынастар да күн тәртіпке келді.

Австрия тысында барлық елдер Түркияның мүшелік келіссөздерінің жалғасуы керектігін пайымдады. 



Ұқсас жаңалықтар