Ашық қақпа басталды

Мешіттердің қақпасы Канада халқына ашылды.

600492
Ашық қақпа басталды
kanada, Hamilton Downtown cami, açık kapı günü.jpg
kanada, Hamilton Downtown cami.jpg
kanada cami a çık kapı günü.jpg

Канадада Онтарио штатындағы Ислам тарихи айы іс-шаралары аясында мешіттердің қақпасы Канада халқына ашылды.

Онтарио штат парламентінде қазан айы осы штатта Ислам тарихи айы ретінде қабылданған болатын. Осыған орай Хамилтон қаласындағы мешіттерде апта бойы іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қақпаларын халыққа ашқан Хамилтон Downtown мешітінің имамы Месут Тора АҚШ-та президенттік сайлау науқанында артқан исламофобия таласының осы елге көршілес Канадаға да әсер еткенін айтты. Тора штат көлемінде 200-ден аса мешіт,  Ислам мәдениет орталығы және мектеп бар екенін,  500 мыңнан аса мұсылман тұратынына назар аударды.

«Мұсылман емес көршілерімізбен болмысымызды бөлісу, оларға Исламның әсемдіктерін түсіндіру үшін қолымыздан келгенді істедік» деді ол.

Шара аясында келушілер Құран тыңдады.  Ислам дінін таныстыратын кітаптарды алды. Сонымен бірге қонақтардың есімдері каллиграфия өнері қолданылып жазылып, естелікке берілді.  Әйелдердің қолдарына қынамен әшекей салынды. Балалар үшін де ойын стенді құрылды. Имам жарты сағатта бір рет келушілерге мешіттің ішін аралатты.



Ұқсас жаңалықтар