Ресей "Сатан 2" жаппай жою зымыраны жетілдірді

Өндіруші фирма «Сатан 2» атты термоядролық зымыранның фотосуреттерін тұңғыш рет жариялады.

597433
Ресей "Сатан 2" жаппай жою зымыраны жетілдірді

10 мың шақырым қашықтыққа ие «Сатан 2» термоядролық зымыран секундына 7 шақырым жылдамдықпен ұшады.

40 мегатонналық салмағымен соғыс тұмсығы тасымалдау ерекшелігі бар «Сатан 2» Америка Құрама Штаттары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияның Хиросима мен Нагазаки қалаларына тастаған атомдық бомбадан 2 мың есе жою күшіне ие.

«Сатан 2» Францияның жер көлеміндегі бір құрлықты күлге айналдыра алады.

16 ядролық тұмсықты тасымалдау күшіне ие «Сатан 2» зымыранының радарлардан қашу қабілеті бар.

Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен құпия сақталған «Сатан 2» термоядролық зымырандары Ресейдің астанасы Мәскеуден атылған жағдайда Ұлыбританияның Лондон қаласына дейін ұласады.

Ресей бас тартқызушы күш ретінде аталмыш зымыранмен Еуроодақтың барлық бас қалаларын жою күшіне ие.

«Сатан 2» термоядролық зымыранының фотосуретін таратқан өндіруші «Makeyev Rocket» атты фирма ресми интернет парақшасында термоядролық зымыран туралы мағлұмат жариялады. Мағлұматта «Ресей Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен 2010 жылы жоспарланған Сармат зымыраны өндірісін 2011 жылы бекітті және зымыран 2012-2013 жылдар арасында жетілдірілді. Сармат Ресейдің стратегиялық күшінің қауіпсіздігі мақсатты жобаланды» деп жазылған.

Ресей армиясы «Шайтан» деп атаған «RS-28 Sarmat» зымыранының 2018 жылы «SS-18» зымырандарының орнын алуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар