Ердоғанның ұсынысына АҚШ-тан қолдау келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Сирияда маңызды аймақтарда ұшақтарға шектеме келтірілуін сұрады.

574725
Ердоғанның ұсынысына АҚШ-тан қолдау келді

Президент Ердоғанның ұшуға тыйым салынған аймақ ұсынысына АҚШ-тан қолдау келді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де Сирияда маңызды аймақтарда ұшақтарға шектеме келтірілуін сұрады.

Керри БҰҰ Бас ассамблеясы аясында өткізілген Сирия жиынында ұшуға тыйым салынған аймақ талаптарына тоқталды және заңды оппозиция мен Әл Нусра және ДАИШ-ті бөліп қарау керектігін айтты.

Сирия соғыс ұшақтарының заңды оппозиция бақылауға алған аймақтарда ұшуына шектеу келтіруге болатынын білдірген Керри: «Ұшақтарға шектеме келтіру керек.  Бұл «Сирия әкімшілігінің Әл Нусра майданымен күресіп жатырмын» деген сылтаумен азаматтық нысандарға шабуылдауына кедергі болады. тез арада ең маңызды аймақтарда барлық әуе көліктерінің қонуын қамдауымыз керек және гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуіне жол ашуымыз керек» деді.

Керри Ресейді де Асад әкімшілігін көндіруге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар