Француз соғыс ұшақтары Ракка қаласын бомбалады

Франция Қорғаныс министрлігі ДАИШ бақылауындағы қару-жарақ қоймаларының жойылғанын жариялады.

556530
Француз соғыс ұшақтары Ракка қаласын бомбалады

Сирия армиясына тиесілі соғыс ұшағының Дамасктың Шығыс Гута аймағындағы Дума ауданына моншақ бомбасымен жасаған шабуылда 5 адам қаза тапты, 18 адам жарақат алды.

Оппозиционерлердің бақылауындағы ауданда қаза тапқандар арасында әйел мен балалар да бар.

Халеб даңғылындағы шабуылда оқиға орнына материалды зиян келді.

Басқа жағынан Франция Сирияның Ракка қаласындағы ДАИШ террор ұйымы нысаналарын әуеден бомбалады.

Франция Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Францияға тиесілі 4 дана 'Rafale', 4 дана 'Mirage 2000' және 1 дана 'Atlantique' типі ұшақпен жасалған операцияда ДАИШ бақылауындағы қару-жарақ қоймалары жойылды» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ бір аптадан бері жалғасқан операцияларда аймақта террор ұйымына тиесілі көптеген жарылғыш материал мен ауыр қару бар орталықтардың да бомбаланғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар