Фетуллахшы террор ұйымына Венгрияда тергеу ашылады

Венгрия премьер-министрі тергеу жүргізуге нұсқау берді.

555354
Фетуллахшы террор ұйымына Венгрияда тергеу ашылады

Венгрия президенті Янош Лазар Фетхуллах террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның еліндегі жақтастарына тергеу ашылатынын айтты.

Премьер-министр Виктор Орбанның Венгрияда жұмыс істейтін FETÖ ұйымдарына байланысты тергеу басталуы үшін нұсқау бергенін білдірген Лазар: «Өткен апта болған министрлер кабинетінде осы тақырып күн тәртібіне келді.  Премьер-министр сыртқы сауда,  сыртқы істер және ішкі істер министрліктерінің осы тергеуді бірге жүргізуі үшін нұсқау берді. Кейіннен түрік органдарына мәлімет беріледі» деді.

Түркияда 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетімен байланысты сұраққа Лазар: «Одақтасымыздың (Түркия) ұстанымына қолдау береміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар