Швецияда мұсылман жамағатқа шабуыл

Стокгольмде бір топ мешіттен шыққан жамағатқа шабуыл жасады.

511374
Швецияда мұсылман жамағатқа шабуыл

Швецияның бас қаласы Стокгольмде қара киінген бір топ мешіттен шыққан жамағатқа сөз және таспен нәсілшіл шабуыл жасады.

Швецияның алдынғы қатарлы газеттерінің бірі Aftonbladet жариялаған хабарға қарағанда Седермальм аумағындағы Стокгольм мешітінен шыққан жамағатқа 50 адамнан тұратын қара киім киген бір топ нәсілшіл сөздермен сыбап, тас лақтырды.

Хабарда шабуылда жаралы не қаза тапқан ешкім болмағаны, лауазымдылардың оқиғамен байланысты тергеу бастағаны білдірілді.

Стокгольм Полиция басқармасы баспасөз мәлімдемешісі оқиғаға куә азаматтардың қолдауын сұрағандарын, қазірге дейін ешкімнің тергеуге алынбағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар