Орыс соғыс ұшағы Эстония әуе кеңістігін бұзды

Эстония Сыртқы істер министрлігі орыс соғыс ұшағының әуе кеңістігін бұзуы себепті Ресейге Нота берді.

506473
Орыс соғыс ұшағы Эстония әуе кеңістігін бұзды

Эстония Қорғаныс министрлігі жазбаша мәлімдеме жасап Ресейге тиесілі «An-26» типі соғыс ұшағының Финляндия шығанағындағы Вайндло аралы маңында Эстония әуе кеңістігін бұзғанын жариялады.

Мәлімдемеде халықаралық әуе кеңістігінде ұшуға тиісті орыс әскери ұшағының Эстония әуе кеңістігінде 1 минуттан астам қалғанын және ұшқыштардың Эстония Авиация басқармасына хабарламағаны атап көрсетілді.

Орыс соғыс ұшақтарының биыл 3-ші рет Эстония әуе кеңістігін бұзғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар