АҚШ-Скандинавия елдері басшылары саммиті

Қатысушылар Ресейге қарсы бірге екендерін айтты.

490549
АҚШ-Скандинавия елдері басшылары саммиті

АҚШ-Скандинавия елдері басшылары саммиті Вашингтонда басталды.

Ресейге қарсы бірлік болғандарын айтқан қатысушылар осы елдің аймақтағы шабуылдары алдында Украинаға қолдау  беру тақырыбында ауызбіршілікте екендерін білдірді.

Саммитте Ресейдің Қырымды аннекциялауы себебімен осы елге бағытталған санкциялардың да Минск келісім аясында шешілгенге дейін жалғасатыны атап көрсетілді.

Саммитте Ресейден басқа қоршаған орта және климат тақырыптары, террор ұйымы ДАИШ-қа қарсы күрес,  Сириядан Еуропаға бағытталған босқын көші сынды тақырыптар қолға алынды.

Дания мен Норвегия НАТО-ға берілетін қолдауды арттыратындарын мәлімдеді.

Осыған қарағанда,  Дания НАТО-ның Ауғанстандағы операциясы үшін 100 полк жібереді.

Елдің НАТО-ға көмегі 2020 жылға дейін 15 миллион доллар болады.

АҚШ президенті Барак Обама саммитке қатысушы басшылар құрметіне Ақ Үйде қонағасы берді.

Обама осында сөйлеген сөзінде тек өз елдері емес,  әлемді жақсарту тақырыбында Солтүстік Еуропа елдерінің ынталарын мақтады. Обама босқын қабылдауда да Скандинавия елдерінің жұмыстарына риза екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар