АҚШ ПЙД-ні террор ұйымы ретінде қабылдамағандарын қайталады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Марк Тонер мәлімдеме жасады.

457201
АҚШ ПЙД-ні террор ұйымы ретінде қабылдамағандарын қайталады

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Марк Тонер ПЙД-ні террор ұйымы ретінде қабылдамағандарын қайталады.

Марк Тонер күнделікті баспасөз жиналысында Ирак күрд аймақтық әкімшілігі төрағасы Месут Барзанидің «Al Monitor» интернет парақшасына жасаған мәлімдемесінде «ПКК мен ПЙД-нің бірдей ұйым екенін және АҚШ-тың мұны білгенін» айтуымен байланысты екі ұйымның басқаша екенін және Сирияның солтүстігінде ПЙД-мен жұмыстарын жалғастыратындарын атап көрсетті.

Тонер «ПКК-ның шетел террор ұйымы екені жөніндегі саясатымызды табандылықпен жалғастырамыз. Мұны алдында да айтқан болатынбыз. Түрік азаматтарына бағыттаған террор шабуылдарын айыптаймыз» деді.

ПЙД/ЙПГ-мен болса Сирияның солтүстігінде жұмыстанғандарын қайталаған Тонер «ПЙД немесе ЙПГ-мен Сирияның кейбір аймақтарында ДАИШ-ке қарсы соғысқан және ДАИШ-тің бақылауындағы аймақтардан шығуға мәжбүрлеген көптеген ұйыммен жұмыстанғанымыздай жұмыстанудамыз» деді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Тонер Бельгияның астанасы Брюссельде жасалған террор шабуылында қаза тапқандар үшін АҚШ байрақтарының жартыға түсірілуімен байланысты болса мұның «аза тұту және құрметтеу» белгісі екенін, дегенмен басқа елдер үшін бірдей ұстанымның болмауын құрметсіздік деген мағынаға келмейтінін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар