Асад күштері БҰҰ жәрдем керуенінің өтуіне рұқсат бермеді

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Фархан Хак медициналық материалдардың өтуіне рұқсат етілмегенін білдірді.

456381
Асад күштері БҰҰ жәрдем керуенінің өтуіне рұқсат бермеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының мәлімдемешісі Фархан Хак Сирияда Асад күштерінің Хомустың солтүстік ауылдық аймағында оппозицияның бақылауындағы Хула аймағына жіберілген жәрдем керуеніндегі медициналық материалдарды өткізуге рұқсат бермегенін мәлімдеді.

Хак Нью-Йоркта ұйымдастырылған баспасөз жиналысында мұндай қимылдардың жазықсыз адам шығынын арттыратынын атап көрсетті.

Жәрдем керуенінде 50 мың адамға жететіндей азық-түлік және гигиеналық материал бар екенін атап көрсеткен Хак Асад режимін медициналық материалдардың жеткізілуіне үздіксіз және алғы шартсыз рұқсат беруге шақырды.

Кеше кешкі уақытта Хула аймағына БҰҰ бақылауындағы гуманитарлық жәрдем керуендерінің өтуіне рұқсат етілген болатын.

9 мың жәрдем пакеті тасымалдаған 27 жүк көлігінен тұратын алғашқы керуеннің артынан 18 жүк көлігінен тұратын екінші керуен бейсенбі күні аймаққа ұласады.

Хомуста оппозицияның бақылауындағы 70 мың тұрғынымен Хула аймағы 4 жылдан бері Асад күштерінің қоршауында.



Ұқсас жаңалықтар