АҚШ орыс әскерлерінің Сириядан шегінуін қадағалауда

АҚШ Ресей президентінің уәдесін орындап орындамағанын қадағалайтындарын мәлімдеді.

451820
АҚШ орыс әскерлерінің Сириядан шегінуін қадағалауда

Ақ үй әкімшілігі мәлімдемешісі Джаш Эрнест күнделікті баспасөз жиналысында Ресей президенті Владимир Путиннің уәдесін орындап орындамағанын қадағалайтындарын атап, алғашқы мағлұматтардың Ресейдің шешімін орындағанын көрсеткенін атап айтты.

Ақ үй әкімшілігі мәлімдемешісі орыс әскерлерінің шегінуінің елдегі ішкі соғыс немесе аймаққа қалай ықпал ететінін айту үшін әлі ерте екенін білдірді.

Эрнест Ресейдің Сириядан шегіну шешімін алдын ала АҚШ-қа білдірмегенін де атап көрсетті.

Эрнест Ресейдің Сириядағы әскери операцияларының Асад режимін саяси келіссөз кезеңіне қосылудағы көңілсіздігінің ең маңызды көрсеткіші екенін ойлағандарын атап, «Егер Ресей шешімінің қажеттіліктерін орындаған жағдайда, бұл әрі Сирия, әрі Ресей, әрі АҚШ үшін жақсы болар еді» деді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джон Керби де баспасөз жиналысында қойылған бір сұраққа Путин берген бұйрықтың арғы жағындағы мотивациясын білудің «мүмкін еместігін» атап айтты.

«Бұл бұйрықтың орындалғанын және қандай жүзеге асатынын күтіп көреміз» деген Керби Ресей басқан қадамның Сирияда шешім аясында «батылдықты арттыратын және болымды бір көрсеткіш» екенін айтты.

Пентагон мәлімдемешісі Петер Кук болса бірнеше орыс ұшағының Сириядан кеткенін дегенмен көпшілігінің әлі Сирияда екенін білдірді.

Ресейдің соңғы шешімінің Сириядағы ішкі соғыстың тоқтатуына қолдау деген мағынасы болған жағдайда бұған ризашылық көрсететіндерін айтқан Кук «Бірақ Ресейді сөздерімен емес, жасағандарымен бағалауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар