Асад күштері Түрікмен тауына шабуылдауда

Сирия режим күштері Түрікмен тауы мен Жебел Экрадқа зеңбірек шабуылы бастады.

449853
Асад күштері Түрікмен тауына шабуылдауда

Асад режиміне қарасты жасақтар Сирияның Лазкийе аудандық аймағы Түрікмен тауы мен Жебел Экрадқа зеңбірекпен үздіксіз шабуылдауда.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Сирияда режим күштері оппозиционерлердің бақылауында пункттерге бағытталған шабуылдарын жалғастыруда.

Режим аймақты нысанаға алған стратегиялық жерлерге қоныстанған миномет, зеңбірек және танктармен Түрікмен тауындағы Ямады мен Караман ауылдарын және Жебел Экрадтағы Эт-Түффанийе мен Кбейни ауылдарын бомбалауда.

Аймақтағы жарылыстар дауыстары Түркияның шекарасындағы Йайладағынан да естіледі.

Режим күштері кеше аталмыш аймақтарға құрлық операциясы бастаған және күнімен жалғасқан қақтығыстарда оппозиционерлер тойтарыс берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар