Сирияда оппозиционерлер МиГ-21 соғыс ұшағын құлатты

Анадолу агенттігі тілшісі тақырыппен байланысты Сирия төңкеріс кеңесінің хабарын бөлісті.

449609
Сирияда оппозиционерлер МиГ-21 соғыс ұшағын құлатты

Сириялық оппозиционерлер Хама қаласында режим күштеріне тиесілі МиГ-21 типі жойғыш ұшақты құлатты.
Анадолу агенттігіне қарағанда оппозиция жасақтарының Хаманың солтүстігіндегі Кафрнбуда ауданы маңында режим армиясына тиесілі МиГ-21 типі бір соғыс ұшағына ұшақ қағармен шабуылдады.
Шабуылдың артынан ұшқыш ұшақтан секіріп, режим күштерінің бақылауындағы Кафрнназ ауданына қонғаны, ұшақтың болса Махрада ауданының оңтүстігіне құлағанын атап көрсетті.
Сирия режимі болса ұшақтың құлатылғаны жайлы мәлімдеме жасамады.
Сирияда Асад режимінің Лазкийе ауылындағы түрікмен тауы және Жебел Экрадқа бағытталған шабуылдарына тойтарыс берілді.



Ұқсас жаңалықтар