Иран баллистикалық зымыран сынақтарының жалғасатынын мәлімдеді

Иран төңкеріс сарбаздары ұзақ атымды баллистикалық зымыран сынақтарын жалғастыруға шешім қабылдады.

448034
Иран баллистикалық зымыран сынақтарының жалғасатынын мәлімдеді

Иранның зымыран сынақтарымен байланысты АҚШ-тан келген қатаң сындардың артынан Тегераннан да мәлімдеме келді.

Иран төңкеріс сарбаздары қолбасшысы Амир Али Хаджызаде Иранның зымыран бағдарламасымен байланысты БҰҰ-на уәде берілмегенін атап көрсетті.

P5+1 елдерімен жасалған келісімді бұзбағандарын атап айтқан Али Хаджызаде сынақтарды жалғастыратындарын білдірді.

Дұшпандарының Йемен арқылы Иранды нысанаға алғанын мәлімдеген қолбасшы осы себептен зымыран бағдарламасын жалғастыратындарын айтты.

Мәлімдемеге қарағанда сынақтан өткен зымырандар 24 тұмсық пен 1 тонна жарылғыш таси алады.



Ұқсас жаңалықтар