Асад күштері Түрікмен тауына шабуыл бастады

Сирияда Асад күштері Түрікмен тауы және Жебел Экрадқа зымыран мен зеңбірек шабуылы бастады.

446716
Асад күштері Түрікмен тауына шабуыл бастады

Сирияда Асад режимі Лазкийе қаласының ауылдық аймағында орын алған Түрікмен тауы мен Жебел Экрадқа зымыран және зеңбірек шабуылы бастады.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда режим күштері кеше түнгі уақытта Түрікмен тауындағы Сарраф және Келез ауылдарын басып алуға әрекет жасады.

Оппозиционерлер режим күштеріне тойтарыс берді.

Режимге тиесілі жасақтар азанғы уақыттан бастап қайтадан Түрікмен тауы мен көршісі Жебел Экрадқа зымыран және зеңбіректермен шабуыл бастады.

Асад режиміне қарасты жасақтар кеше Түрікмен тауының Идлиб және Жебел Экрадпен жалғыз байланысы болған Обин трассасын нысанаға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар