Орыс ұшақтары мен Асад күштері түрікмен ауылдарына шабуылдауда

Ресей мен Асад режимі Сириядағы әуе шабуылдарымен жазықсыз адамдарды бомбалауда.

395014
Орыс ұшақтары мен Асад күштері түрікмен ауылдарына шабуылдауда

Орыс соғыс ұшақтарының Идлибте оппозиционерлердің бақылауындағы Эриха ауданында бір базар мен тұрғын аймағына жасаған шабуылында араларында әйелдер мен балалар да бар 40 адам қаза тапты, 70 адам жарақат алды.
Лауазымдылар құлаған үй мен жұмыс орындары бар екенін және қаза тапқандар санының артуына алаңдағандарын атап көрсетті.
Ауданда террор ұйымы ДАИШ-тің кезкелген бір қорғанысы жоқ.
Дамаскта болса оппозицияның бақылауындағы Кабун қиыр аймағына Асад күштері жасаған бомбалы шабуылда көпшілігі жазықсыз 27 адам қаза тапты.
Режим күштерінің түрікмендерге бағыттаған шабуылдары да 11 күннен бері үздіксіз жалғасуда.
Қақтығыстар Лазкийе қаласының солтүстігіндегі Байырбуджак аймағында артты.
Бомбалау стратегиялық Қызыл төбе мен Түрікмен тауында жалғасуда.
Ормандық алаңда жалғасқан қақтығыстардың дауысы Хатайдың Йайлатауы ауданынан естілуде.
Шабуылдарда түрікмен оппозиционерлердің қорғаныстарына қоса, ауылдар да нысанаға алынуда.
Режим күштері түнгі уақытта Байырбуджак аймағындағы 3 ауылға шабуылдады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар