Израиль Газаға әуе шабуылы жасады

Израиль армиясы Газа секторында Хамасқа тиесілі екі әскери жаттығу орталығына шабуылдады.

418631
Израиль Газаға әуе шабуылы жасады

Израиль армиясы Газа секторында Хамасқа тиесілі екі әскери жаттығу орталығына шабуылдады.
Куәгерлер Израильге тиесілі тікұшақтардың Хамастың қарулы қанаты Иззеттин эл-Кассам бригадасының Эбрадж эл-Мукавси аймағындағы әскери жаттығу орталығына шабуыл ұйымдастырды.
Екінші шабуылда болса орталықтағы бір жаттығу лагері нысанаға алынды. Израиль армиясынан жасалған мәлімдемеде «Газадан атылған және қауіпсіздік жүйесі маңына құлаған зымыранның жауаптысы толығымен Хамас болып табылады. Әуе күштеріміз түн ішінде Хамасқа тиесілі екі әскери аймақты нысанаға алды» делінді.
Израиль армиясынан кеше жасалған мәлімдемеде «Газа секторынан Израильдің оңтүстігіне зымыран лақтырылғаны және аймақта іздестіру жұмыстарының басталғаны» атап көрсетілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар