Сирия жиналысына Иран да қатысады

Жиналысқа Еуропа Одағы да шақырылды.

403237
Сирия жиналысына  Иран да қатысады

Америка Құрама Штаттары, Ресей, Түркия және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлері ертең Австрияның бас қаласы Венада Сирияның болашағы қолға алынатын жиналыс өткізеді.


Жиналысқа алғаш рет шақырылған Ираннан күтілген жауап келді. Иран сыртқы істер министрі Джевад Зариф жиналысқа қатысатындарын білдірді.


Жиналысқа Еуропа Одағы да шақырылды.


Америка Қорғаныс министрі Эштон Картер Сирия мен Иракта террор ұйымы ДАИШ-пен күресті арттыратындарын және құрлық жасақтарын да іске қосу мүмкін екенін хабарлады.


Ираннан кейін Мысыр, Ирак және Франция да жиналысқа қатысуға шешім берді.


Венадағы жиналысқа Германия, Ұлыбритания және Біріккен Араб Әмірліктерінің де қатысуы күтілуде.


Халықаралық күштердің террор ұйымы ДАИШ-пен күресі жалғасуда.


Америка Қорғаныс министрі Картер Сирия мен Иракта ДАИШ-пен күресте одақтастарға қолдауды арттыратындарын мәлімдеді.


Картер сонымен бірге Ракка және Рамадиде операция санының көбейе түсетінін білдірді. Оның айтуынша АҚШ құрлық жасақтарын да операцияларға қосуы мүмкін.


Картер ДАИШ-пен күрес аясында Ирак үкіметі мен Ирак армиясының нығаюына көмектесетіндері де атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар