Әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілді

Сауд Арабиясында әйелдер бірінші рет сайлауға қатысады.

337791
Әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілді

Сауд Арабиясында әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілді.


Елде 12 желтоқсан күні болатын жергілікті әкімшілік сайлауында әйелдер бірінші рет әрі дауыс қолданады, әрі үміткер бола алады.


Жергілікті әкімшілік сайлау комитеті Сауд Арабиясы көлемінде 1163 сайлау орталығының 424-ін әйелдерге бөлетінін хабарлады.


Бұдан бұрынғы король Абдуллах Бин Абдулазиз 2011 жылы саудтық әйелдердің сайлаушы және үміткер ретінде 2015 жылғы сайлауға қатысуы жөнінде шешім шығарған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар