Ливанда президент тағы сайланбады

Ел 14 айдан бері президентсіз

345419
Ливанда президент тағы сайланбады

Парламенттегі президенттік сайлау 26-шы отырыста да жеткілікті көпшілік жиналмағандықтан өтпей қалды.


Елдің 13-ші президенті сайлау үшін басталған отырысқа тек 48 депутат келді. 128 орынды мәжілісте жиналыс үшін қажетті 86 депутат жиналмағандықтан дауысқа салу 12 тамызға кешіктірілді.


Ливанда президент Мишель Сүлейманның міндет мерзімі өткен жылы 25 мамырда аяқталған болатын.


Ел мәжілісі 14 айдан бері жаңа президентті сайлай алмай отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар