Ауғанстанда террор шабуылдары артты

Ауғанстанның 4 бөлек жеріне жасалған лаңкестік шабуылдарда 11 адам қаза тапты, 60 адам жарақат алды.

326179
Ауғанстанда террор шабуылдары артты

Кабулда әуежайына бара жатқан НАТО керуеніне бомба орналастырылған бір көлікпен жанкешті шабуыл жасалды. Шабуылда 7 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды.
Лешкергах қаласында болса бір қауіпсіздік ғимаратын нысанаға алған жанкешті шабуылда 2 адам қаза тапты, 40 адам жарақат алды.
Хелманд қаласында да Полиция басқармасы ғимаратына бомбалы көлікпен жасалған жанкешті шабуылда 2 жазықсыз адам қаза тапты, 51 адам жарақат алды.
Жаралылардың екеуінің полиция және кейбір жаралылардың ауыр екені білдірілді.
Шабуылдың салдарынан Полиция басқармасы ғимараты төңірегіндегі үйлерге зиян келді.
Шабуылдарды қазірше ешкім мойындамаса да Талибан ұйымы жазғы маусымда шабуылдарын арттыратынын мәлімдеген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар